Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе "Уиком Уондерерс" клубы акциясының бақылау пакетін сатып алд...
Атырауда шатырдан секірмек болған 19 жастағы жігіт құтқарылды
Фото: kazinform
Атырауда көпқабатты үйдің шатырына шығып, суицид жасауға оқталған жас жігітті полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 1 ақпанда болған.
"Күндізгі сағат 10:06 шамасында 102 арнасына Атырау қаласының тұрғынынан інісінің өзіне қол жұмсауға бекінгені туралы хабар түсті. Жас жігіт суицид жасау үшін «Алмагүл» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің шатырына шыққан. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция аға лейтенанттары Серік Жолдығалиұлы мен Нұрсұлтан Жақсыбаев, учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Ерболат Сапашев пен полиция лейтенанты Бағытжан Сабырғалиев жедел жетті. Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 19 жастағы жігітті шатырдан қауіпсіз аумаққа алып шықты", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жас жігіттің мұндай оқыс қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Қазір ол жедел-тергеу тобына тапсырылды. Аталған оқиғаға байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.