“Ең кішісі 4 айлық”: өрттен 5 бала ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3074

Абхазияда өрттен кәмелетке толмаған бес бала қаза болды,деп хабарлайды madeniportal.kz.

6 қаңтарда осы қайғылы жағдайға байланысты елде қаралы күн жарияланды. Президент міндетін атқарушы Бадра Гунбаның жарлығымен 6 қаңтар Абхазияда қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости. Елде аза тұту күні жарияланғандықтан барлық мемлекеттік мекемеде мемлекеттік тулар түсіріледі, мәдениет мекемелерінде, теледидар мен радиода ойын-сауық шаралары тоқтатылады. Басылым мәліметінше, Гал ауданы Папанырхуа ауылында тұрғын үй өртенген. Жанып жатқан үйдегі бес баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Балалардың ең кішісі төрт айлық болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың әжесі пеш жағатын кезде керосин мен бензинді шатастырып алған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...