Адамзат тарихында түркі өркениетінің алатын орны өте зор. Ұлан-ғайыр атырапты бағындырған Түркі халы...
Адам сүйектерін сатқан әйел ұсталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
АҚШ-тың Флорида штатында 52 жастағы әйел адам интернет арқылы адам сүйектерін заңсыз сатты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл жөнінде Fox News телеарнасы жариялады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Флорида тұрғыны ғаламторға адам сүйектерінің әртүрлі бөліктерін сату туралы хабарландырулар жариялап отырған: мысалы, ол екі бас сүйек бөлігін 90 долларға, сондай-ақ жауырын мен бұғананы дәл сондай бағаға ұсынған. Ал қабырға мен омыртқаның құны 35 доллар болған. Ең қымбаты – 600 долларға қойылған жартылай бас сүйек.
Бұл хабарландыру құқық қорғау органдарына күдік тудырды. Сараптама нәтижесінде кейбір сүйектердің тарихи құндылығы жоғары екені анықталды.
«Мамандардың айтуынша, кейбір бас сүйектер мен олардың фрагменттері археологиялық жәдігерлер болып табылады, олардың жасы 100 жылдан 500 жылдан астам уақытты құрауы мүмкін», — деп нақтылайды телеарна.
Әйел адамға заңдық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге мәдени маңызға ие заттардан пайда табуға тырысқаны үшін қатаң жаза тағайындалуы мүмкін.