Желіде жастарды көшеден әскерге күштеп ұстап әкетіп жатқан видео тарады

Фото: arasha.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2743

Желіде жастарды әскерге көшеден ұстап әкетіп жатқан видео тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Мерзімді әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібі туралы Қорғаныс министрлігі, пікір білдірді.

Министрліктің мәліметінше, күзгі және көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде шақыру қағазын алған жастар жергілікті әскери басқару органдарына өз еркімен бармайды.

Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларды тіркеуге олардың тіркелген мекенжайында болмауы, көшкен кезде жаңа мекенжай бойынша тіркелмеуі де ебеп болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шақыру қағазын жеке өзі тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде кейде азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық танытады, – делінген министрлік хабарламасында.

Мұндай жағдайларда полиция оларды мәжбүрлеп ұстап, жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...