Ақтауда анасының сөзіне ерген ер адам әйелінің қолын сындырған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
631

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әйелдің айтуынша, оқиға 8 қыркүйек күні болған. Оның сөзінше, күйеуі қатты мас күйде үйге келген. Сол күні енесі әйелді күйеуіне жамандаған. Артынша ер адам әйелін тұншықтырып, қылғындырған.

«Өлетін шығармын деп ойладым. Қолын тістеп, қашып шықтым. Бірақ артымнан келіп, асүйде ұрып, тепкіледі», – деп баяндаған әйел.

Соққы салдарынан әйелдің қолы сынған. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Әйел полицияға арыз жазып, күйеуінен ажырасатынын және алимент өндіруге өтініш беретінін айтқан. Оның төрт баласы бар. Балалары әзірге анасының қарауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...