Президент тапсырмасымен Екібастұз қаласында балалар шығармашылық орталығы ашылады. Павлодар облысына...
Жетісу облысында баланы батареяға байлап қойған ана екі айға қамауға алынды
ашық дереккөздерден
Жетісу облысында өз баласына қатыгездік танытты деген күдікке ілінген әйел соттың санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сәбиге жасалған зорлық-зомбылық бейнесі әлеуметтік желілерде 18 қаңтарда жарияланды. Келесі күні полицейлер ананың жеке басын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу жүргізу кезеңінде әйелдің екі баласы отбасыны қолдау орталығына орналастырылды.
27 қаңтарда сот күдіктіні екі айға қамауға алуға санкция бергені белгілі болды. Әйелге кәмелетке толмағанға қатысты азаптау (қинау) бабы бойынша айып тағылып отыр, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Еске сала кетейік, Жетісу облысының полицейлері жексенбі күні, 18 қаңтарда, өз баласын қорлаған 28 жастағы әйелді ұстаған болатын. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Балалардың жағдайы тұрақты, оларға психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр.