"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Өзенмұнайгаз" компаниясындағы қазіргі жағдай туралы а...
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: Жетісу облысы ПД
4444
Жетісу облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жол апаты Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен тасжолының 239-шақырымында болған. Toyota Camry және Камаз соқтығысты. Өңірлік полицияның мәліметінше, жеңіл көлік жүк көлігінің артынан соққан. Апат кезінде үш адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алған.
“Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді”, - делінген хабарламада.