"7 баланың анасын күйеуі терезеден лақтырып өлтірді": Балалардың тағдыры туралы тың дерек

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1957

Шымкенте 42 жастағы 7 баланың анасы көпқабатты үйдің ауласынан табылды. Туыстары оған күйеуі зәбір көрсетіп, өлтірді деп күдіктенді. Көп ұзамай ер адам қолға түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Журналист Гүлмира Әбіқай жан-жаққа тарап кеткен 7 баланың басын қосып, халықтың қаражатына үй алып берді. Олардың қазіргі жағдайы туралы да журналист хабардар етті.

"7 баланың халі қалай? Директке көп келетін сауалдың бірі осы.

Шымкенттегі  анасыз қалған 7 баламен өзім күнара сөйлескенімен  жаңалығын сіздермен бөліспегелі көп болды.

Балалардың бәрі сол барша оқырманым жиылып әперген 3  бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Қос әпкесін өмір тез есейтті.  5 бауырдың қамымен біреуі жұмыс істеп, бірі үйге, балаларға қарап тірлік кешуде. 3 бала мектепті жақсы тәмамдады. Алғыс хат алыпты. Кішкентай Бакалек пен Жанека ойнағандарына мәз.

Сырт  көзге бәрі бұрынғыдай, ұйып отырған бауырмал отбасы. Айтпақшы, өз әйелін ұрып-соғып терезеден лақтырды деп күдікке ілінген 7 баланың әкесіне қатысты сот кеше басталды. Сотталсын деп ешкімге тілемеуші ем, амал нешік?!”, - деп жазды журналист.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...