Мектеп басшылығы мұғалімнің оқушыларға зорлық-зомбылық көрсеткенін жасырып келген

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1685

Индонезияда құқық қорғау органдары бастауыш сынып мұғалімі оқушыларға көрсеткен зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы қылмысты тергеп жатыр, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Oxu.Az сайтының хабарлауынша, бұл туралы Sinar Harian басылымы жазды.

Оқиға Орталық Ява провинциясында орналасқан білім беру мекемелерінің бірінде орын алған. Қылмыстық іс екінші сынып оқушысының анасы полицияға шағым түсіргеннен кейін қозғалды. Әйелдің айтуынша, 37 жастағы мұғалім оның қызына зорлық көрсеткен. Бұл туралы мәлімдеме тарағаннан кейін тағы алты отбасы осындай шағым айтып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, мұғалімнің азғындауына кем дегенде 20 оқушы ұшыраған.

БАҚ мәліметінше, мектеп әкімшілігі мұғалімнің қылмыстары туралы білген, бірақ ешқандай шара қолданбаған. Оны тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін және ата-аналардың қысымынан соң ғана жұмыстан шығарған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...