17 жыл отасқан күйеуін өлтірген әйел сот залынан босап шықты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
972

2026 жылдың 1 мамырында жалғыз ағасынан айырылған әйел әлеуметтік желіде жанайқайын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, ағасын 17 жыл бірге отасқан әйелі жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірген. Аталған қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни адам өлтіру фактісі бойынша тергелген. Іс бойынша қылмысты көрген куәгерлер бар екенін айтады.

Сот алқабилердің қатысуымен ашық форматта өткен. Алайда туысының сөзінше, үшінші сот отырысында марқұмның өліміне айыпталған әйел жазадан босатылған.

СПОРТ

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Молдоваға қарсы кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...