Танымал қазақстандық боксшы спорттан кетті

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1464

Қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов айтты. Ол бокстан Олимпиада жүлдегері Қамшыбек Қонқабаев бокс алаңына қайта оралмайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Қамшыбек Қоңқабаев 33 жаста, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен бірге 2017 және 2019 жылғы әлем чемпионаттарында күміс жүлдегер атанған. Одан бөлек Азия біріншіліктері (2017, 2019, 2021, 2019) және Азия ойындарында күміс медаль алған.

Бұған дейін Қайрат Сәтжанов Қамшыбек Қоңқабаевтың бокстағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін айтқан еді.

«Әзірге Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа қатысты жағдай түсініксіз. Егер 13 қаңтарда оқу-жаттығу жиынына келмесе, олар ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауы мүмкін деп ойлаймын. Ал егер келсе, жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», - деген Қайрат Сәтжанов.

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...