Жамбылда оқушыға зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
374

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Тергеу мәліметінше, ер адам ата-анасы үйде жоқ кезде жалған себеппен үйге кірген. Ол кезде үйде қарт атасы, екінші сыныпта оқитын қыз және кішкентай сәби болған, деп хабарлайды Arasha.kz Криминальный Казахстан басылымына сілтеме жасап.

Оқиға облыстағы ауылдардың бірінде болған. Ер адам үйге Wi-Fi құпиясөзін білу үшін келгенін айтқан. Кейін ол қызға қатысты заңсыз әрекет жасаған.

Бала сол күні кешке болған жағдайды анасына айтып берген. Анасы полицияға хабарласқан. Тергеу барысында жиналған дәлелдер мен сараптама ер адамның кінәсін растаған.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Көптеген өңірде бұлттылық құбы...