ҚБТУ өртке байланысты түсініктеме берді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1807

12 қаңтарға қараған түні Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) ғимаратында өрт шықты. Университеттің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Өрт 11-12 қаңтарға қараған түні университет ғимаратының 4-қабатында болған. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) құтқарушылары өртті жылдам оқшаулап, толықтай сөндірген», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

ҚБТУ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті барлық шараларды қолға алғанын хабарлады. Сонымен қатар университет студенттеріне оқу процесінің форматы мен сабақ кестесіне қатысты ақпарат жақын уақытта жеткізілетінін мәлімдеді.

«Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Сабақ форматы мен кестесі туралы ақпарат студенттерге жақын уақытта беріледі», – делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...