Көкшетаудағы жанармай құю станциясында ер адам қаза тапты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
970

Көкшетауда ер адам тоқ соғып көз жұмды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

13 қазан күні сағат 09:45 шамасында Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне автожанармай құю станцияларының бірінің аумағында орын алған қайғылы жағдай туралы хабар түсті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, оператор автоцистернаның тіркемесіне көтерілген кезде электр беру желісіне тиіп кетіп, тоқ соғып, оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысының Полиция департаменті азаматтарды кез келген жұмысты орындау кезінде, әсіресе электр қуаты көздеріне жақын маңда, қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...