Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға (тонировка) рұқсат беру бастамасы қайта көт...
Жетісуда микроавтобус КамАЗ тіркемесіне соғылып, екі адам қаза тапты
Фото: gov.kz
246
Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолында болған жол апатынан екі адам мерт болып, тағы 10 жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тараған ақпаратқа сәйкес, Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Соқтығыс салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмған.
Микроавтобуста болған тағы 10 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Олардың қазіргі жағдайы мен алған жарақаттарының ауырлығы туралы мәлімет нақтыланбаған.
Апаттың нақты қай учаскеде және қашан болғаны берілген хабарламада көрсетілмеген. Сондай-ақ соқтығысуға не себеп болғаны әзірге белгісіз.