Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1588

Синоптиктер 24, 25 және 26 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Ауа райы болжамына сәйкес, 24 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде, 25-26 желтоқсанда батыста, солтүстік-батыста және шығыста атмосфералық фронттар және циклонның әсерінен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек оңтүстікте антициклон ықпалымен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Ел бойынша бұрқасын, тұман, екпінді жел, батыс аймақтарда көктайғақ күтіледі.

"Түнде ауа температурасы тек орталық және шығыс өңірлерде -20-35 градус аязға дейін төмендейді, ал қалған аумақтарда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді", – делінген хабарламада.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...