Сауда желісі “болашақтан келген өнімдерді” сатып, күлкіге қалды

Фото: Кирилл Павлов

ЖАҢАЛЫҚТАР
2560

Желіде SMALL дүкендер желісіне қарасты Spar супермаркетінде алдағы мерзім көрсетілген өнім сатылып жатқаны түсірілген фото тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Facebook қолданушысы Кирилл Павлов парақшасында сурет жариялап, оны 17 желтоқсанда түсіргенін, алайда өнімнің шығарылған мерзімі 19 желтоқсан деп көрсетілгенін жеткізген.

"Фантастикалық өнім. Spar супермаркеті болашаққа саяхаттағанды ұнататындар үшін алдағы екі күннен таңғажайып тұшпара дайындап әкеліпті. Әсіресе сыншылар үшін кеше шығарылған өнімдердің қандай болатынын көрсетейін", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары басқа супермаркеттерден де алдағы мерзім жазылған өнім көргенін айтқан. Ал біреулері өнімдердің құрамын, мерзімін ешкім бақыламайтынын жеткізген.

Аталған жағдайға қатысты SMALL дүкендер желісінен мән-жайды сұрап көрдік. Алайда олар бірде-бір қоңырауымызға жауап бермеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...