Атыраулық 12 жасар шахматшы әлем кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды "Мәдениет...
«Жомарт» кенішінде аэрогаздық бақылау күшейтіліп, өндіріс қарқыны артты
дереккөз
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров жұмыс сапарымен «Жомарт» кенішіне барды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сапар барысында өндірістік және инфрақұрылымдық мәселелер қаралып, тау-кен-капиталдық, үңгілеу және кен өндіру жұмыстарының барысы талқыланды.
Кен қорын ашу және дайындау бойынша оң нәтиже байқалуда. Екі айда шамамен 600 қума метр ашу және 1400-ге жуық дайындау қазба жұмысы жүргізілді. 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтың соңына қарай ашылған және дайындалған қор көлемі артады деп күтілуде.

Кеніштегі аэрогаздық жағдайды бақылауға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы бұл мақсатқа 925 млн теңге қаржы бөлінді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту аясында өздігінен жүретін техника метан-релемен жабдықталуда. Ол газдың мөлшері рұқсат етілген деңгейден асқан жағдайда қозғалтқышты автоматты түрде өшіреді. Бүгінгі таңда мұндай жүйемен бес техника бірлігі жабдықталды, он бір техника кезекте тұр.

Сонымен қоса аэрогаздық жағдайды бақылауға арналған стационарлық датчиктер енгізілуде. Қауіпті көрсеткіш анықталған жағдайда ол энергия жабдығын автоматты түрде өшіреді. Бүгінге дейін бес датчик орнатылды, жоспар бойынша тағы жеті датчик орнатылады.
Кенішті дамытуға салынған инвестицияның жалпы көлемі 2,7 млрд теңгеден асады. Қаражат №3 желдету оқпанын тереңдетуге жұмсалады. Жоба аясында оқпанды арқаулау, сондай-ақ негізгі желдету қондырғысын орнатып, пайдалануға беру қарастырылған.
№1 және №2 негізгі желдету қондырғыларына күрделі жөндеу жүргізіліп, олар жобалық қуатқа шығарылды. Бұл шахтаға қосымша 200 текше метрге дейін таза ауа жеткізуге мүмкіндік береді.

Желдетуді жақсарту мақсатында диаметрі 2,5 метр болатын екі желдету шурфы қазылып, 156 метр тереңдікке ауа беру қамтамасыз етілді. Батыс және шығыс қапталдарда диаметрі 4,5 метр болатын тағы екі шурф қазу жоспарлануда. Олар 600 метрге дейінгі тереңдікке ауа жеткізуді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар «СоюзГеоМех» ЖШС-мен мамандарды оқыту және компания кеніштеріне геомеханика бойынша заманауи стандарт енгізуді көздейтін ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда.