«Зорлаған»: Президенттікке кандидат болған экс-депутатты қызы сотта жеңіп шықты

Фото: Видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1653

Астаналық Айбота Рақымбекова президенттікке кандидат болған әкесі қызына жала жауып, ар-намысына тиетін сөздер жариялаған. Қызы әкесін сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Айбота Рақымбекова әкесінің өзіне жасаған зорлық-зомбылығын дәлелдей алмай жүр. Оның айтуынша, бала күнінде әкесі оны екі рет зорлаған. Сосын анасынан қалған мұраның бір бөлігін заңсыз тартып алған. Осы жағдайдан кейін экс-депутаттың қызы жас баласымен бірге дағдарыс орталығына орналасты.

Айбота Рақымбекова әлеуметтік желіде әкесінен көрген қорлығын айтып, бірнеше рет видео жариялады. Тіпті Тоқаевтан көмек сұрады.

Кейін экс-депутат қызын есірткіге тәуелді, патологиялық өтірікші деп мәлімдеді. Алайда Айбота мұны жала деп «жеке басын қорлау» бойынша сотқа шағым түсірді.

22 қаңтарда сот Төлеутай Рақымбековтің сөзін жалған деп танып Айботаның пайдасына шешім шығарды.

Еске салайық, бұған дейін астаналық Айбота Рақымбекованы «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, экс-депутат және президенттікке кандидат болған әкесі Төлеутай Рақымбеков зорлағаны туралы ақпарат таратқан едік.