Жүгерінің арасында сұмдық әрекетке барған ер адам елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
779

Алматы облысында жүгері алқабының арасынан үлкен есірткі плантациясы табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілген арнайы операция кезінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК қызметкерлері жүгері арасынан 233 түп қарасораны анықтаған. Сондай-ақ маңындағы лашықтан келесі егіске арналған ондаған тұқым табылған.

Сарапшылардың айтуынша, тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 49 келіден асқан. Жер телімінің иесі - 36 жастағы жергілікті тұрғын. Ол ұсталып, Шелек полициясына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ескерткендей, мұндай "өнім" ауыл шаруашылығы емес, ауыр қылмыс ретінде бағаланады.

Бұған дейін Президент Қазақстандағы нашақорлықтың ауқымы туралы пікір білдіріп, онымен қоғамның белсенді қатысуынсыз күресу мүмкін емес екенін атап өткен. Сонымен қатар, Үкіметке, өңір әкімдеріне және жауапты мемлекеттік органдарға шараларды күшейтуді тапсырған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...