Жүк көліктерін заңсыз тіркеген қылмыскер Ресейден табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
175

Бас прокуратура шетелден әкелінген жүк көліктерін Жетісу облысында заңсыз рәсімдеумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Күдікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» маманы болып қызмет атқарған. Ол 2022-2023 жылдар аралығында автокөлік иелерін іздеп тауып, көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізіп, олардың көліктерін заңсыз тіркеген.

Бас прокуратура мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде 481 көлік құралы заңсыз есепке қойылып, бюджетке 3,7 млрд теңге міндетті төлемдердің түспеген.

Күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Биылғы жылдың наурыз айында ол Мәскеу облысында ұсталды. Ол елге экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Францияның арнайы қызмет өкілдері жарылғыш зат қолдана отырып, мәдениет нысанында теракт ұйымдастыру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) WTA...