Маңғыстауда қарақұрт шағуынан 23 тұрғын зардап шекті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
434

Маусымдық буынаяқтылар белсенділігі күшейген кезеңнің басынан бастап аумақтық басқармалар мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне зардап шеккен азаматтар туралы шұғыл хабарламалар келіп түсіп жатыр, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Маңғыстау облысында қарақұрт шағуынан 23 адам зардап шекті. Бұл туралы өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев хабарлады.

Ол өңірдегі қарақұрт шағу жағдайы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

«23 жағдайдың ішінде жетеуі Маңғыстау ауданында тіркелген, Бейнеу мен Мұнайлы аудандарында алты адамнан зардап шеккен, екі тұрғын Қарақия ауданында медициналық көмекке жүгінген, ал Ақтау мен Жаңаөзенде бір-бір жағдайдан тіркелген. Түпқараған ауданында мұндай дерек тіркелген жоқ. Тұрғындар мен қонақтарды табиғат аясында демалу және дала жұмыстарын жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Қарақұрт шаққан жағдайда дереу жақын маңдағы медициналық мекемеге жүгіну қажет. Арнайы сарысуды уақтылы енгізу ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Өз бетінше емделуге болмайды», – деді Мұхтар Сербаев.

Қарақұрт шаққан жер қандай болады?

Шаққан жерде әдетте диаметрі 1,5–3 мм қызару және ісіну байқалады. Теріде бір-бірінен 0,5–0,7 мм қашықтықта орналасқан екі анық тесік ізі көрінеді.

Қарақұрт улануының белгілері қандай?

Шаққаннан кейін адам зақымданған жерде күйдіріп ауырсынуды сезінеді. Сондай-ақ шаққан жер айналасындағы тіндердің ұюы мүмкін.

Жалпы белгілері қандай?

Ұйқышылдық, әлсіздік, мазасыздық, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, бас айналу, бас ауруы, жүрек айну және құсу, тершеңдік, тахикардия, қан қысымының төмендеуі, естен тану, коллапс, бел мен аяқ-қолдың ауыруы, жүйке-бұлшықет қызметінің бұзылуы, зәр шығарудың тоқтауы, тыныс алудың бұзылуы.

Медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеген жағдайда ауыр асқынулар, тіпті өлімге дейін әкелуі мүмкін.

Қарақұрт шаққан жағдайда не істеу керек?

Қарақұрт немесе басқа да улы жәндік шаққан жағдайда дереу медициналық мекемеге жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру қажет. Зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, қажет болған жағдайда ол ауруханаға жатқызылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдармен қатынайтын жүргізу...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды сәт...