«Жүкті екенін білмеген»: Алматыда іші ауырып ауруханаға барған әйел босанып қалды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
419

Алматыдағы жеке клиникалардың біріне асқазанындағы жайсыздыққа шағымданып барған әйел күтпеген жағдайға тап болды – ол УДЗ тексеруі кезінде өзінің жүкті екенін біліп, артынша 7 айлық нәрестені дүниеге әкелген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мәліметке сәйкес, әйел гастроэнтерологқа ішінің кебуі мен ауырсынуына байланысты қаралған. Алайда тексеру барысында дәрігерлер оның шамамен жеті айлық жүкті екенін анықтаған.

Гинеколог мамандардың кеңесінен кейін науқастың босану процесі басталып кеткені белгілі болып, дәрігерлер жедел әрекет еткен. Нәтижесінде сәби УДЗ кабинетінің өзінде дүниеге келген.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен жаңа туған қыздың жағдайы тұрақты. Кейін олар жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегімен перзентханаға жеткізілген.

Сондай-ақ белгілі болғандай, бұл отбасы көптен бері бала сүйе алмай жүрген және қыз баланы армандаған екен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ер адам туған әкесін соққыға жықты деген күдікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада LRT жанынан патрон тауып алып, оны түсірілімге пайдаланбақшы болған 22 жастағы жігіттің б...