Орта таулы аумақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста...
Зүлфия Төлегенова Назгүл бен Құндызды тек Ілияс Сариевке сеніп тапсыра алатын айтты
коллаж: madeniportal.kz
17 жыл құлдықта болған Назгүл бен Құндыздың қамқоршысы Зүлфия Төлегенова күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Ағасы мен жеңгесі мал бақтырып қойды, құлдықта жүрді деп ел шулаған Назгүл Мен Құндыз қазір Зүлфия Төленованың қамқорлығында. Журналист Руслан Өтепбай қыздардың құтқарушысы әрі ағасы болып үнемі араға уақыт салып Құндыз бен Назгүлді көруге барып тұратын. Соңғы барғанында олардың жүдеп қалғанын дүйім жұрт алдында айтқан еді. Міне осыдан кейін Зүлфия ханым қыздарға барынша дұрыс қарап жатқанын айтып ақталғандай болды. Ол екі қыздың да денсаулығында кінәрат барын, өзінен жақсы қарайтын адам болса қамқорлықты беруге де дайын екенін айты.
«Елім, жұртым менің сіздерге шығып отырған себебім бар. Соңғы кезде екі қызға байланысты көп ақпарат тарап кетті. Олардың денсаулығы жайлы айтып жатқандар көбейді. Жоқ, сіздер ойлағандай емес. Менің түсім суық болса ол Құдайдың жаратқаны. Егер екі қыздың жағдайын білем, ауырғандарына қарамай асырап бағам деушілер болса беремін. Мен бұлардың ақшасына қызығып отырған жоқпын. Біреуі 98 мың алады, біреуі 103 мың алады. Қыздар 17 жыл сондай ауыр жағдайда жүргендіктен ортаға қосылуы қиындау», - деді Зүлфия Төлегенова.
Зүлфия Төлегенова Назгүл бен Құндызды тек Ілияс Сариевке сеніп тапсыра алатын айтты
Денсаулығында да кінәраттар бар. Асыраймын, бағамын дегенге берер едім. Ең бірінші Ілияс бауырымды айтқым келеді. Әрдайым қасымызда жүретін, қыздардың жағдайын жақсы білетін адамның бірегейі. Неге десеңіз, қаншама мен сияқты аналарды жұбатып, жағдайына кіріп отырған бала. Көмек қолын әрдайым созады. Бізге сая болып, пана болып жүрген бір сенсем тек Ілиясқа ғана сенемін. Ал әркімнің қолына беріп қаңғытып жібере алмаймын. Алланың алдында маған міндет қылып тапсырғанын жай бере алмаймын. Мен қиналғанда сүйеу болған, қыздарға көмектесіп жүреді. Сол үшін Ілиясқа ғана бере аламын», - деді қыздардың қамқоршысы Зүлфия Төлегенова.