Парламент отырысында атыс болды. Салдарынан бір депутат қаза болды

Фото: ИИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2557

Абхазияда парламент отырысында атыстан бір депутат қаза болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Атыс парламент отырысы кезінде болған. Мәліметтерге сүйенсек, депутаттар майнингке тыйым салу туралы заң жобасын талқылау кезінде сөзге келіп қалған екен. Бір депутат көз жұмды. Депутат Кан Кварчия қолынан жарақат алды. Республикалық ауруханада оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. 

«Адгур Харазия және Кан Кварчия сөзге келіп қалып, ақыры Адгур тапаншасын алып, Канды ата бастады. Қаза болған Вахтанг Голандзия екеуін ажыратпақшы болған», деп жазылды жергілікті басылымда. 

Абхазияның денсаулық сақтау министрлігі Голандзияның көз жұмғанын растады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен. Алайда атысты бастаған Адгур Харазия оқиға орнынан қашып кетті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...