Шетелдік компания өкілінен 180 млн. АҚШ долларын талап еткен алаяқ сотталды

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
3079

Шетелдік компания өкілінен 180 млн. АҚШ долларынан астам қаражат талап еткен алаяқ 10 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Кінәлі адам өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, шетелдік компания директорынан 180 млн. АҚШ долларынан астам қаражат талап еткен. Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін дәлелдеді.

Ол алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үйдегі кезекті жинау жұмысы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: Алматыда салмағы 400 келіге жуық жы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғам қайраткері әрі әнші Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында кезінде өзіне...