1 ақпаннан бастап елімізде автогаз бағасы өседі

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2369

Энергетика министрлігі бұл шешімді сұйытылған мұнай газын өндірушілер шығындарының өсуімен байланыстырып отыр. «Ашық НҚА» порталында тиісті түзетулерді қамтитын бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

2022 жылы елімізде автогазды тұтыну көлемі 1,8 млн тонна болса, былтыр бұл көрсеткіш 2,4 млн тоннаға жеткен.        

Сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеріледі. Шекті бөлшек сауда бағасы өңірлерге байланысты 6 теңгеден 21 теңгеге дейін ұлғаймақ. Бір литр автогаздың ең жоғарғы бағасы 102 теңге деп белгіленсе, ал ең төменгі баға – 65 теңге.

Құжатты жария талқылау мерзімі – 22 қаңтарға дейін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанда 17 жастағы TikTok жұлдызы Сана Юсаф туған күнін атап, әлеуметтік желіге соңғы видеосын жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қарудан атылған оқтан 64 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды...