Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден озды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....
Жұмыскер жағдайы басты назарда: «Қазақмыс» ауқымды бағдарламаларды іске қосты
Фото: Қазақмыс
Қазақмыс жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту мен әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуге бағытталған жаңа бастамаларын жариялады. Компания өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртып, медицина, тұрғын үй және қызметкерлердің отбасын қолдау бағыттарына қомақты инвестиция құйып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
2026 жылы кәсіпорындарға жалпы құны 4,1 миллиард теңге болатын 90 жаңа Yutong және ПАЗ автобусы сатып алынған. Бұл қызметкерлерді тасымалдау қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар санитарлық-тұрмыстық нысандарды жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 81 нысанда жөндеу жүргізілуде. Оның ішінде жуыну бөлмелері мен санитарлық тораптар бар. Жобаның жалпы құны 2,4 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған демалыс және тұрмыстық бөлмелер де жаңартылуда. Ал Нұрқазған байыту фабрикасында 567 адамға арналған жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешен салынбақ. Жобаның құны 2 миллиард теңгеден асады.
Медицина саласына да ерекше назар аударылған. Жезқазған медициналық орталығына заманауи кардиологиялық құрылғылар сатып алынуда. Бұдан бөлек, 2026 жылы компания 25 жаңа жедел жәрдем көлігін алуды жоспарлап отыр.
Әлеуметтік қолдау аясында жыл басынан бері 5751 адам көмек алған. Қаржылай қолдау, шипажайлық емдеу, ерекше баласы бар отбасыларға көмек және ардагерлерді сауықтыру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Тұрғын үй бағдарламасы да жалғасып жатыр. Наурыз айында қызметкерлерге 13 пәтер тегін берілсе, жыл соңына дейін Балқаш қаласында тағы 152 қызметтік үй тапсыру жоспарланған.
Компания жұмыскерлердің балаларына арналған демалыс жобаларын да қаржыландыруда. Биыл жазда 1200 бала Балдәурен орталығының Щучинск пен Балқаштағы филиалдарында демалады.
Компания еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің өмір сапасын арттыруды тұрақты даму стратегиясының басты бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр.