Жұмысшыларды видеоға түсірген әйел екі бап бойынша айыпталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
811

Алматыда коммуналдық қызметкерлерді жұмыс уақытында демалып отыр деп видеоға түсірген тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әйелге екі бап бойынша хаттама рәсімделген. Оның бірі — ұсақ бұзақылық. Ал екінші хаттама итін тұмылдырықсыз серуендетуіне байланысты жасалған.

Осы құқық бұзушылық үшін тұрғынға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің шөп үстінде отырған коммуналдық қызметкерлерді видеоға түсіріп, олардың жұмыс істемей отырғанын сынаған видеосы тараған еді.

Кейін Алматы әкімдігі қызметкерлердің сол уақытта заңды түскі үзілісте болғанын хабарлаған.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі ақын әрі журналист Жанна Елеусіз өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы жетк...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұған дейін желіде Перизат Қайраттың туыстарына Дубайда бірнеше пәтер тиесілі екені туралы ақпарат т...