“Жүргізуші 10 метрге ұшып кетті”. Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: otyrar.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2601

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші 10 метрге ұшып кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz otyrar.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде ауыр жол апаты болды. «Мерседес-Бенц» жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жарық бағанасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша, жас жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен, - деп жазды басылым.

Жүргізуші ауыр халде шұғыл ауруханаға жатқызылды. Жолаушы да түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі болды, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...