Орыс тілін білмесе мектепке алынбайды. Путин жаңа заңға қол қойды

Фото: ИИ/Шедеврум

Жаңалықтар
474

Ресей президенті Владимир Путин мигранттардың балаларын мектептерге қабылдауға шектеу қоятын заңға қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Жаңа заңға сәйкес, Ресей мектептеріне қабылдану үшін мигранттардың балалары орыс тілінен тест тапсыруы қажет. Бұл талап баланың негізгі білім беру бағдарламаларын игеруі үшін жеткілікті деңгейде орыс тілін білуін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Шетел азаматтарының балалары мемлекеттік немесе муниципалдық жалпы білім беру ұйымдарына негізгі жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады. Бұл үшін олардың Ресей Федерациясы аумағында заңды түрде тұруын растайтын құжаты және орыс тілін игеру деңгейін тексеретін тестілеуден өткенін растайтын нәтижесі болуы шарт. Тестілеу мемлекеттік және муниципалдық ұйымдарда тегін өткізіледі», – делінген заңда.

Сондай-ақ, заңда шетелдіктердің Ресей аумағында заңсыз жүрген балаларына мектепке және балабақшаға баруға толық тыйым салынатыны айтылған.

Тестілеуді ұйымдастыру тәртібін Ресей Федерациясының Білім министрлігі бекітеді Балалардың орыс тілін меңгеру деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда, олар мемлекеттік және муниципалдық мектептерге, коррекциялық және арнайы мектептерге, кәсіби техникалық училищелерге, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға қабылданбайды. 

Сұхбат

Шахаева Сымбат Төкенқызы Жамбыл облысында 1998 жылы 22 наурызда дүниеге келген өнер иесі. Art House...

Жаңалықтар

Желіде Air Astana ұшағы Ақтауға амалсыз қонуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады m...