Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрғын үйдің астыңғы бөлігінде орналасқан мейрамханада газ-а...
Америкалық актер әрі режиссер Роберт Редфорд қайтыс болды
ашық дереккөзден алынған
Америкалық актер әрі режиссер Роберт Редфорд дүниеден өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Rogers & Cowan PMK агенттігінің атқарушы директоры Синди Бергердің айтуынша, Редфорд ұйықтап жатып қайтыс болған.
"Роберт Редфорд 2025 жылдың 16 қыркүйегінде Юта штатындағы тауларда орналасқан, өзі жақсы көрген Сандэнстегі үйінде – қасында ең жақын жандары бар кезде өмірден өтті", – деді Бергер.
Белгілі актердің жасы 89-да еді.
"Біз оған қатты сағынышпен қараймыз. Отбасы журналистерден мазаламауды өтінеді", – деп қосты агенттік директоры.
Роберт Редфорд 1936 жылы дүниеге келген. Ол 1970-жылдардағы Голливудтың символдарының бірі атанды. 40 жасында фильм түсіре бастады және жалпы төрт мәрте "Оскар" жүлдесін иеленді. Ең көп танымалдылық әкелген туындылары – «Бутч Кэссиди және Сандэнс Кид» пен «Афера». Сонымен қатар ол тәуелсіз киноның орталығына айналған «Сандэнс» кинофестивалін негізін қалады.