2018 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері ресми түрде жария етілді...
“Бір кездері онымен кездескім келген”: Димаш Құдайберген “Борат” фильмінің авторына көзқарасын айтты
Фото: sn.kz
Димаш Құдайберген “Борат” фильмі мен авторына қатысты көзқарасын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Әлемге әйгілі әнші "Бизнес под капотом" жобасына берген сұхбатында атышулы фильмді сөз етті. Өнер иесі сол фильм шығып, талқыға түскенде автормен кездескісі келгенін жасырмады. Ондағы мақсаты, ұлтымызды, қорлағанына жауап беру болған екен. Бірақ, қанша күш салып іздегенмен Саша Бароннан кері жауап болмапты.
“Қазір оған назар аудармаған дұрыс. Бір кездері онымен кездескім келген. Еркекше сөйлескім келеді. Өйткені ол біздің ұлтымызды қорлады. Оған күйе жақты. Ол менің ата-анамды, бауырларымды күлкіге айналдырды. Онымен кездесу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Тіпті шетелдегі барлық таныстарымды, өзімнің менеджерімді де араластырып, тауып берулерін өтіндім. Бірақ Саша Бароннан еш жауап болмады, – деді Димаш.