2024 жылдың күзінде әлемдік әнші Димаш Құдайберген Чехия мен Германияда жеке концертін береді,...
“Ештеңе бітіріп қарық қылмадың”: Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмді» басқарған кезеңіне сын айтылды
Фото: әлеуметтік желіден
Актер Азамат Сатыбалды желіде жазба қалдырып, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.
Актер желіде «Адам кейіпте келу Алладан, Надан болып өмірден өту өзіңнен…», - деген жазба қалдырған.
Аталған посттың астында желі қолданушыларының бірі оның «Қазақфильмді» басқарған уақытына қатысты дау етіп, оны қатаң сынға алған.
«Азамат балам, дәл сен ештеңе айтпай-ақ қойшы. Қазақфильмді басқарғанда да осы сөзді қаперіңе ілмедің ба. Ештеңе бітіріп қарық қылмадың ғой. Сені де білдік ,кім екеніңді. Сөзіңе - ісің сәйкес келсе қабылдар едім. Сол жылтырақтан бойыңды алыс ұсташы, қарағым!
Әдемі сөйлеу үшін де, әдемі жүру керек. Тәкаппарлығың да, бір басқа асып жығылады. Төмен түс. Сонда Аллахтың сүйікті құлы, сонда ғана толық адам сипатына келесің. Бұл бір 80 ге келген әкеңнің ақылы деп қабылда», - деп жазған ол.
Азамат Сатыбалды – қазақстандық театр және кино актері, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Ол 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған.
2001 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында еңбек жолын бастаған. Көрерменге «Рэкетир-2», «Анаға апарар жол», «Томирис», «Жұлдыздар тоғысқанда» секілді фильмдер арқылы танылды.
Әр жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметтерін атқарған. 2023 жылы «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып тағайындалды.