«Әйелім ренжіп, желіге жазған»: Мансар Орынхан отбасындағы түсініспеушілік туралы айтты

коллаж MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
120

Танымал әзілкеш Мансар Орынхан жұбайы Нұрайым Халиланың әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін отбасындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі отбасында түсініспеушілік болғанын жасырмай, қазір барлық мәселенің шешілгенін айтты.

«Менің отбасым туралы тақырып біраз адамға қызық болып жатқан сияқты. Әйелім, бала-шағам – барлығы тәтті ұйқыда жатыр. Бізде бәрі дұрыс, Аллаға шүкір, бәрі шешілді. Жас отбасы болғаннан кейін ондай-мұндай болып тұрады. Әйел адам ашуланады, ренжиді. Солай әлеуметтік желіге салғаны бар», – деді ол.

Әзілкеш өзін атақ пен ақша қуып, отбасына көңіл бөлмейді деп сынағандарға да жауап берді.

«Мен ешқандай атақ, ақша қуалаған адам емеспін. Маған негізі айына 150 мың теңге жетеді. Ешқандай еркек өзі үшін дүние жинамайды деп ойлаймын. Бала-шағасына, отбасына деп жинайды ғой», – деді Мансар.

Сондай-ақ ол отбасына немқұрайлы қарамайтынын айтып, жастарға шаңырақты сақтауға кеңес берді.

«Менің үйленгеніме жеті жыл болды. Қандай жағдай болса да ажыраспаңыздар. Әркім әртүрлі нәрсе айта береді. Бала-шағаларыңыздың болашағын ойлаңыздар», – деп түйіндеді әзілкеш.

 

 
Смотреть в Threads