Азамат Сатыбалды - театр басшысы болып тағайындалды

ЖАҢАЛЫҚТАР
7400

Азамат Сатыбалды - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды. 

Азамат Сатыбалды - еліміздің театр және кино өнеріндегі белгілі есім. Қазақстанның өнер кеңістігінде өз жолы, өз биігі! Өзінің кәсіби өнерде тұсауы кесілген М.Әуезов театрының саxнасында ұлттық және әлемдік классикалық драматургияларындағы керемет образдарын сомдап келеді! Азамат сомдаған саxна мен экрандағы бейнелер - қазақ жастары үшін жарқын үлгі! М.Әуезов атындағы театрдағы актерлік жұмысынан бөлек, 3 жыл бұрын өзі құрған "28 Cinema” компаниясы және "28-Teathre” театрының көркемдік жетекшісі, бас директоры болып еңбек етіп келеді. Жеке театрымен Еуропадағы, Түркиядағы, Ресейдегі xалықаралық театр фестивалдеріне қатысып Қазақстан өнерін шет елдерде дәріптеп, өзін мықты актер ғана емес, кәсіби менеджер-ұйымдастырушы ретінде дәлелдей білді. Жастарды қолдауға арналған республикалық қоғамдық комиссиялардың мүшесі. Бүгін Мәдениет және спорт министрі А.Мұxамедиұлының бұйрығымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Театр ұжымына жаңа директор Азамат Сатыбалдыны вице-министр Ақтоты Райымқұлова таныстырды.  

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...