Маклер деген жалмауызың тағы барАуылдың жағдайы біткен соң, қазақ қалаға қарай ағылды. Қаладағы туыс...
Нұрсұлтан Құрман "президенттік" қызметінен кететінін айтты
ашық дереккөз
Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол бұл шешімі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Нұрсұлтан Құрманның айтуынша, ол Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіндегі жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдаған. Спорт саласындағы бұл кезең өзі үшін үлкен жауапкершілік пен мол тәжірибеге толы болғанын атап өтті.
«Бүгін мен үшін маңызды кезеңдердің бірі аяқталып отыр. Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Бұл қызмет мен үшін үлкен жауапкершілікпен қатар, мол тәжірибе мен ерекше естеліктерге толы кезең болды», – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол отандық футзалдың дамуына үлес қосқан әріптестеріне, клуб басшыларына, жаттықтырушыларға, спортшылар мен жанкүйерлерге алғыс білдірді.
Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Талғатұлына да ерекше ризашылығын жеткізді.
«Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткені және бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Ортақ мақсат жолындағы әріптестігіміз мен үшін бағалы тәжірибе болды», – деді ол.