“Мұндай шоуға қатысудың не керегі бар?”: Дана Нұржігіт әнші Әміренің өнеріне баға берді

Фото: әлеуметтік желіден

Өнер
660

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт ресейлік ән бағдарламасына қатысып жатқан әнші Әміре туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тележүргізуші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Біздің жұлдыздарға мұндай шоуға қатысудың не керегі бар? Ернар мойындалған әнші. Ол вокалда біліктілігі жоғары, мықты маман. Оны бағалау үшін осындай бағдарламаларға қатысудың не керегі бар?!

Біздікілер үшін ішің ашиды екен. Ол өнерін енді, тәй-тәй басып келе жатқан бала емес. Ернардың өз жолы бар суреткер. Біреудің мойындауына зәру емес!», — деді тележүргізуші. 

Айта кетейік, Әміре ресейлік "Браво! Бис!" байқауына арнайы шақыртумен барған және 3 күн бұрын өнер иесі байқаудың финалына өтті. Сондай-ақ, әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, өзін қолдаған әділқазылар алқасы мен жоба әкімшілігіне алғыс айтқан. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...