Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасынан қапы қалмаңыз!

Фото: ашық дереккөзден

Өнер
1062

Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасында жүлде 3 миллион теңге, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қадірлі қаламгерлер мен жыр сүйер қауым! 

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қорғаныс министрінің қолдауымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасын өткізетінін хабарлайды. 

Мүшәйра мақсаты:

– Жеңісті жырлау, батырлар ерлігін насихаттау,

– Әскери-патриоттық рухты көтеру,

– Қазіргі Отан қорғаушыларын қолдау және олар жайлы поэзиялық туындылар қалыптастыру. 

Мүшәйраның номинациялары: 

1-номинация:

– Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар, қаһармандық, патриотизм және Жеңіс тақырыбындағы 1 өлең. 

2-номинация:

– Қазіргі Отан қорғаушыларына арналған, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектері (танкист, ұшқыш, теңізші, артиллерист, барлаушы, байланысшы, десант т.б) өкілдерінің бейнесін сипаттайтын, ән мәтініне лайық 1 өлең.

– Бұл номинация бойынша үздік шығармаларға ән жазылып, Қарулы күштер шығармашылық ұжымдарының репертуарына енгізіледі (автормен келісім бойынша).

Қатысу шарттары:

– Мүшәйраға 50 жасқа дейінгі  ақындар қатыса алады;

– Бір автор екі номинацияға да қатыса алады;

– Бұған дейін жарияланбаған, ешбір байқауға қатыспаған туындылар ғана қабылданады;

– Өлең көлемі – 2 беттен аспауы тиіс (электронды нұсқада);

– Шығармаға қоса: автор туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесі міндетті түрде қосылуы керек. 

Шығармалар қабылдау мерзімі:

2025 жылғы 30 мамырға дейін.

Электронды пошта: asker_mushaira@mail.kz

Қорытынды кеш:

2025 жылғы 10 маусым күні өтеді.

Жүлдегерлер ғана арнайы шақырылады.

Жол шығындары – қатысушылар тарапынан. 

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 3 000 000 ТЕҢГЕ!

Лайықты деген 10 ақынға – 300 000 теңгеден жүлде табысталады! 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...