Дженнифер Лопес концерт қоюдан бас тартты

Фото: ашық дереккөзден

Өнер
1610

Әлемдік шоу-бизнес жұлдызы Дженнифер Лопес Ресейдегі жеке концертінен бас тартты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әншінің Мәскеуде тамыз айында өтетін шоу ұйымдастырылуы тиіс болған және келісім құны кемінде 1 млн доллар деп белгіленген еді.

Ресейлік ұйымдастырушылар әншінің Қазақстан, Өзбекстан және Армения елдерінде өткізген концерттерінен кейін қызығушылық танытқан. Тамыз айына нақты дата белгіленіп, келіссөздер де жүргізілген. Алайда, Лопестің командасы шешімді қайта қарап, концерттен бас тартатынын хабарлаған.

Команда шешімді Ресей мен Украина арасындағы соғыс жағдайымен және Батыс елдерінің ықтимал хейтімен байланыстырған. Әншінің өкілдері бұл уақытта Ресейде өнер көрсету репутациялық тұрғыдан аса қауіпті екенін, сондықтан тек соғыс аяқталғаннан кейін ғана концерт өткізу мүмкін болатынын жеткізген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...