10 жасар бала бассейнге батып кетті

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Оқиға
2004

Атырауда 10 жастағы бала бассейнге батып кетті. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаға қатысты кешенді тергеу басталды. Бұл деректі Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 14 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған. 

Атырау қаласындағы "Мұнайшы“ стадионындағы бассейнге 10 жасар бала батып кетіп, қайтыс болды. Қазір аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері кешенді тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

«Мұнайшы» стадионындағы бассейніне 2019 жылы қайта жаңғырту жүргізілген. Бассейндегі олимпиадалық стандартқа сәйкес 8 жолаққа бөлінген жүзу жолының ұзындығы – 50, ені – 21, ал тереңдігі 2 метрден асады. Бассейн 2020 жылы сенімді басқаруға берілген. Мұнда 600-ден астам бала су спортымен айналысуға келеді.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...