Атыраулық шенеуніктер төбелесі: Бір қызметкер комаға түсті

Суретте: Айдын Сауданбеков пен Әліби Бағытжанов

Оқиға
2692

Атырау облысында мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары көлік прокуратурасы қызметкерімен төбелестен кейін комаға түсті, деп хабарлады madeniportal.kz Ақ жайық сайтына сілтеме жасап.

Желіде 28 қаңтарда Атыраудағы Beer house villa ойын-сауық орнында прокуратура қызметкері Асқар Жанысбаев пен мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков, оның орынбасары Әліби Бағытжанов арасында төбелес болғаны туралы ақпарат тарады. Төбелес салдарынан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бағытжанов жарақат алып, комаға түскен.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша іс қозғалды. 

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі ақпаратты растап, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Атырау облысының полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау мақсатында бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", – деді бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Альмира Бекжан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...