«Қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы Flyarystan әуекомпаниясынының үстінен арыз жазды

Ашық дереккөзден алынған

Оқиға
1833

Шымкенттен Астанаға ұшқан белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы борт ішінде келеңсіз жағдайға тап болған, деп жазды madeniportal.kz.

«13 тамыз 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл Flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Меніңше, орнымда бала, қарт адам  отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!», - деп жазды Л.Сұлтанқызы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының азаматтары референдумда өздерінің конституциялық құқықтарын алғашқылардың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша референдум басталды, деп хабарлады MadeniPo...