100-ге жуық адам болды: Әуежайда екі ұшақ соқтығысып қалды

Фото: Әзірбайжан жаңалықтары

PESTEL
1129

CBS мәлімдеуінше, кеше кешке Нью-Йорктегі Ла-Гуардия әуежайындағы жермен жүру жолында Delta Air Lines компаниясының екі ұшағы соқтығысты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Америкалық Delta Air Lines әуе компаниясы өз мәлімдемесінде Солтүстік Каролинадан келген Endeavour Air 5047 ұшағы мен Вирджинияға ұшуы тиіс болған Endeavour 5155 ұшағы соқтығысып қалған.

Әуе компаниясының мәліметінше, 5155 рейсінің қанаты 5047 рейсінің фюзеляжына соғылғанын көрсетіп отыр. 

Оқиға салдарынан бортсерік жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Екі ұшақтың бортында 93 адам болған. Барлық жолаушы қонақүй бөлмелерімен қамтамасыз етіліп, бейсенбідегі жаңа рейстерге тапсырыс берілді. 
Қазіргі уақытта соқтығысу себебі белгісіз.

"Оқиға әуежайдың жұмысына әсер еткен жоқ", — деді порт басшылығы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі қазақстандық актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова тұрмысқа шықты, деп хабарла...

ӘДЕБИЕТ

«Оқтаулы қалпымда, атылмай...» депті бұла ақын Серікбай Әбілмәжін. Қырық екі деген қыр...