16 жастағы оқушы екі әпкелі-сіңіліні пышақтап кеткен

ашық дереккөз

PESTEL
550

Уфада 16 жастағы қыз екі әпкелі-сіңліге пышақ жарақатын салған. Зардап шеккендердің бірі – 9 жаста, екіншісі – 16 жаста. Бұл туралы өңірлік ІІМ баспасөз қызметі жазған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Кәмелетке толмаған екі қыздың пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлерінің алдын ала анықтауынша, Высотная көшесіндегі пәтерде болған 16 жастағы қыз екі әпкелі-сіңліге пышақпен дене жарақатын салған», – деп мәлімдеді полиция.

Зардап шеккен екі қыз да дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың денсаулық жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын және шабуыл жасаған қыздың әрекет ету себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстарын бастады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Алмат Сақатов бала күтімімен отырған әйелдерге берілетін жәрдемақы мәселесіне қаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу т...