13 жастағы жасөспірім мектепке барғысы келмей әкесін атып тастады

Фото: iStock/Shubham Singh

PESTEL
637

АҚШ-тың Луизиана штатында мектепке барудан бас тартқан жасөспірімнің әрекеті қайғылы жағдаймен аяқталды. 13 жастағы бала әкесіне оқ атып, ер адам кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz People басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға таңертең болған. Әкесі ұлын мектепке апара жатқан кезде жасөспірім көліктен түсуден бас тартып, жанжал шығарған. Жағдайды байқаған мұғалімдер даудың ушығып кетпеуі үшін әкесіне баланы үйіне қайтаруға кеңес берген.

Алайда үйге қайтып бара жатқан жолда жағдай күрт қиындаған. Көлік қозғалып келе жатқан сәтте салон ішінде оқ атылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, тұрғын үйге соғылған.

Оқиға кезінде көлікте бес жастағы тағы бір бала болған. Абырой болғанда, ол жарақат алмаған.

Ал ауыр жараланған әке жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Оқиғадан кейін жасөспірім көліктен түсіп, қолындағы қарумен мектепке қарай бет алған. Оны маңайда жүрген полиция қызметкері байқап, дер кезінде ұстап үлгерген.

Қазір күдікті қамауға алынған. Тергеушілер жасөспірімнің қаруға қалай қол жеткізгенін және оқиғаның басқа да мән-жайын анықтап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...