5000 теңгелік ақшалардың ескісі жарамсыз болады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1211

2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы ретінде қолданылады. Осы мерзімнен кейін дүкендер оларды қабылдамайды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, ескі купюралар айналымнан біртіндеп шығарылады.

Банктер жеке және заңды тұлғалардан бұл банкноттарды қабылдап, біздің облыстық филиалдардағы қоймаларға өткізеді. Бірнеше жылдан кейін де қолында қалған ескі ақша иелері Ұлттық банк филиалдарына келіп, номинал құны бойынша айырбастай алады, – деді ол.

Параллель айналым кезеңі аяқталғаннан кейін барлық екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» үш жыл бойы ескі купюраларды жаңасына ауыстырады. Ал Ұлттық банктің облыстық филиалдары ескі ақшаларды мерзімсіз қабылдайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...