Некелескендеріне 20 жыл болған ерлі-зайыптылар ағалы-қарындас екендерін анықтады

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
1301

Бразилияда шамамен 20 жылға жуық бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты өздерінің туған бауырлар екенін кездейсоқ анықтаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Mirror басылымының жазуынша, Адриана мен Леандро қыз өсіріп отыр. Олар өмір бойы өздерін сәби кезінде тастап кеткен аналарының кім екенін анықтауға тырысып келген. Бір күні Адриана теледидардағы "Уақыт келді" бағдарламасына көмек сұрап жүгінген.

Бағдарлама барысында бір әйел хабарласып, өзінің Леандро есімді ұлы бар екенін айтқан. Осылайша, Адриана мен Леандроның бір ананың балалары екені анықталған.

Соған қарамастан, Адриана бұл шындық олардың ажырасуына себеп болмайтынын мәлімдеді.

"Әрине, егер бұл ақиқатты бұрын білсек, бәрі басқаша болар еді. Бірақ біз оны білмедік, бір-бірімізді шын сүйіп қалдық. Алдымызда үлкен жоспарлар бар, бізді ештеңе ажырата алмайды", – деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбедегі "Нұр Ғасыр" орталық мешітінде тарауық намазынан кейін екі кәмелетке толмаған жасөспір...

Шоу-бизнес

Әнші Алтынай Жорабаева жұбайы Әлішердің қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп...