Apple АҚШ-та жаңа iPhone модельдерінің бағасын жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Жаңа...
5 жылға кіруге тыйым салынады: Шетелдіктерге қатысты жаңа ереже күшіне енеді
Фото: ЖИ
Грузияда шетелдіктердің елде болу тәртібіне қатысты жаңа ережелер енгізілуде, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Парламент сайтында жарияланған заң жобасында Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізіліп, елде заңды болу мерзімін асырғандарға жаза күшейтілгені айтылды.
Заң жобасының түсіндірмесінде реформаның басты мақсаты «миграциялық процестерді реттеу және заңды сақтау деңгейін арттыру» екені атап өтілген.
Енді әкімшілік жаза ретінде мыналар қарастырылады:
шетелдікті елден депортациялау;
бес жылға дейін Грузияға кіруге тыйым салу.
Бұл шаралар дербес те, қосымша жаза ретінде де қолданылуы мүмкін. Депортацияға қатысты шешімді уәкілетті органдардың өтініші негізінде сот шығарады.
Заң жобасында елде болу ережесін бұзғандарға айрықша көңіл бөлінген:
мерзім өткеннен кейін 3 айға дейін қалу - 1000 лари (шамамен 200 мың теңге) айыппұл және 6 айға кіруге тыйым;
3 айдан 1 жылға дейін - 2000 лари (шамамен 400 мың теңге) айыппұл және 2 жылға кіруге тыйым;
1 жылдан артық - 3000 лари (шамамен 600 мың теңге) айыппұл және 3 жылға кіруге тыйым;
транзит ережесін бұзу - 500 лари (шамамен 100 мың теңге) айыппұл.
Сондай-ақ шетелдіктерге заңсыз тұрғылықты жер, жұмыс немесе оқу жағынан көмектескен жеке және заңды тұлғаларға 2000 лари (400 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Грузияға сапар жоспарлаған азаматтарға елде болу мерзімін мұқият бақылау ескертіледі. Жаңа заң 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енді.