"Алғашқы неке түнінде өлтіріп кетті": 24 жастағы жігіт жанжалдан көз жұмды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

PESTEL
128

Дағыстанда үйлену тойынан кейін туындаған жанжал адам өлімімен аяқталды. 24 жастағы жігіт бірнеше жерінен пышақ жарақатын алып, ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Сүлейман-Сталь ауданындағы Ашага-Стал-Казмаляр ауылының маңында болған. Полиция мәліметінше, марқұм мен 27 жастағы ауыл тұрғыны бұған дейін бір танысының үйлену тойында сөзге келіп қалған. Кейін екі ер адам мәселені өзара шешу үшін қайта кездескен. Алайда әңгіме тағы да жанжалға ұласып, күдікті 24 жастағы жігітке бес рет пышақ сұққан. Ауыр жараланған азамат ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Күдікті ұсталып, іс материалдары Дағыстандағы Тергеу комитетіне жолданған.

Оқиға бойынша Ресей Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер жанжалдың нақты неден шыққанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде марқұмның дәл сол күні үйленген күйеу жігіт болғаны және оған алғашқы неке түнінде шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Кейбір жазбаларда жанжалға ақша мәселесі себеп болғаны да айтылған.

Алайда бұл мәліметтерді ресми органдар әзірге растаған жоқ. Сондықтан марқұмның күйеу жігіт болғаны немесе жанжалдың нақты ақшаға байланысты шыққаны жөніндегі ақпаратқа тергеу қорытындысына дейін сақтықпен қараған жөн.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының мұғалімі әлеуметтік желіде кабинет жөндеу ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда аутизмі бар баланың отбасы коррекциялық балабақша қызметкерлеріне қатысты шағым айтып, полиц...